+7-701-385-83-62  info@fortispro.kz, fortis_pro@mail.ru

Біз барлық қалалар және елдермен жұмыс істейміз!

Келіп түскен сұраныстарға байланысты біздің компания үнемі түрлі тілдердің жаңа аудармашыларын іздеуде.   Сіз түйіндемеңізді және біліктілігіңізді растайтын құжаттарыңызды мына мекенжайға жолдай аласыз: info@fortispro.kz. Лайықты аударма жобалары пайда болған жағдайда ынтымақтастық шарттарын талқылау үшін біздің менеджерлер Сізбен байланысады. CAT- құралдарымен жұмыс істейтін аудармашылар құпталады.

ШТАТТАН ТЫС АУДАРМАШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Жоғары лингвистикалық білім (IETLS, TOEFL, HSK, DALF, GOETHE-ZERTIFIKAT халықаралық тілдік сертификаттарының бар болуы және басқа тілдер үшін ұқсас сертификаттар елеулі артықшылық болады)
  • Үнемі интернетке  қолжетімді және қажетті БҚ (MicrosoftOffice, Adobe)  ақаусыз ДК бар болуы. Аудармашылық БҚ (SDL TRADOS және аналогтары)  және онда жұмыс тәжірибенің бар болуы құпталады.  Компьютерді еркін меңгеру міндетті түрде.
  • Ауызша және/немесе жазбаша аудармашы ретінде жұмыс тәжірибесі – 5 жылдан кем емес    
  • Күніне 5 бет  және одан аса аударатындай бос уақыттың бар болуы
  • Жауапкершілікпен қарау, аударманың сапасы мен мерзімдерді сақтау маңыздылығын түсіну, егжей-тегжейіне мән беру